Министр Сәденов Ulysmedia бас редакторына жасалған кибершабуылдың авторын тауып, жазалауға уәде берді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраеваға жасалған кибершабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ 

- Біз осындай мәселемен тұрақты күрес жүргіземіз. Ұлысмедиа бойынша (бас редакторына ақпарат шабуыл) қылмыстық іс қозғадық. Оны табамыз. Жауапкершілікке тартамыз!, – дейді Сәденов. 

МӘН-ЖАЙ

Айта кетейік, Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраеваға Kyzdar.net сайты арқылы сұмдық шабуыл жасалды. Самал Ибраеваның суреті, аты-жөні мен телефон нөмірі интим қызмет көрсетілетін сайттағы жалған анкетаға жарияланған болатын. 

Осы жайтқа байланысты Самал Ибраева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұраған болатын.