Ресейлік азамат қазақстандықтар арқылы нағыз қолдау мен көмектің не екенін түсінгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Эмиль Фазилов туған жері Қырымнан 2,5 жыл бұрын кеткен. Оның айтуынша, Қазақстанға қоныс аударуы – өз көзқарасын еркін білдіру мүмкіндігі үшін жасалған қадам болған. Осы уақыт аралығында оған мүлде бейтаныс қазақстандықтар ақысыз көмек көрсеткен. Жігіттің айтуынша, бұл жайт оның өміріндегі бетбұрысты кезеңге айналған.
– Қалтаңда ақшаң болмаса да, саған көмектесетін адамдар табылады. Ал егер ақшаң бар, бірақ жанында адам болмаса – ештеңе жүзеге аспайды, ештеңе шықпайды. Міне, осы нәрсе менің ішімде қатты өзгерді. Бұған дейін мен ешқашан ешкімге сүйеніп көрмегенмін. Мұның бәрі – қазақстандықтардың, қазақтардың арқасы. Көп рахмет сіздерге! Мендегі осы дүниені өзгерткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Мен кәсіпкер болғым келеді, бірақ егер мен адамдарға сене алмасам, қалайша бизнес бастаймын? – дейді Эмиль.
Ол сондай-ақ Қазақстанды аралап жүрген кезде, өзінің және отбасының осындай шынайы жылы қарым-қатынасқа талай мәрте куә болғанын айтты.