Ресей Иранда бір дегенде 8 атом электр станциясын салады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхамед Эслами Ресейдің Иранда 8 жаңа атом электр станциясын салуды жоспарлап отырғанын растады. Бұл елдің ядролық бағдарламасын кеңейтеді.
ҚАЙ ЖЕРДЕ САЛЫНАДЫ
Реакторлардың төртеуі елдегі жалғыз жұмыс істеп тұрған атом электр станциясы орналасқан Бушер провинциясында салынады. Эслами ирандық компаниялар салып жатқан Бушер атом электр станциясының 2 және 3 блоктарының құрылысына да тоқталды.
ТАРИХЫ
Иранның оңтүстіктегі Бушер портындағы атом электр станциясы 2011 жылы Ресейдің көмегімен бірнеше жерасты ядролық нысандарымен бірге пайдалануға берілді. 2019 жылы Иран мен Ресей Бушердегі екінші реактор құрылысының жаңа кезеңін ашты. Иран 2022 жылы елдің оңтүстік-батысында жаңа атом электр станциясының құрылысын бастағалы отыр. Сол кезде Карун деп аталатын 300 мегаватт электр станциясының құрылысына сегіз жыл қажет және шамамен 2 миллиард долларға бағаланатынын хабарланған. Былтыр Иран елдің оңтүстігінде жалпы қуаттылығы 5000 мегаватт болатын тағы төрт атом электр станциясын сала бастады.