Қазақстанда микронесиені төлеу жеңілдей түседі

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Жаңа механизм қазақстандықтарды қаржылық тығырықтан шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі борыштық жүктемені азайтуға көмектесетін жобаны ұсынды. Жоба аясында азаматтар бірнеше мерзімі өтіп кеткен микрокредитті бір несиеге біріктіре алады, бұл төлем үдерісін жеңілдетеді. Бұл бастама микрокаржылық ұйымдардың тарапынан болатын ретсіз қысымды ашық келіссөздермен алмастырады. Бұл – мыңдаған қазақстандық үшін қаржылық тұрақтылыққа қадам.

Коллективтік қайта құрылымдау механизмі арқылы мыналарға мүмкіндік беріледі:

  • әртүрлі микрокаржылық ұйымдар алдындағы қарыздарды бір несиеге біріктіру;
  • бірыңғай төлем кестесі бойынша келісімге келу;
  • төлеу мерзімін икемді шарттармен ұзарту.

- Қарыздарды біріктіру жағдайды жеңілдетіп, борыш жүктемесін азайтуы мүмкін, – делінген жобаға берілген түсіндірмеде.

Бұл тәсіл қарыз алушыларды қазіргі таңда жағдайларын қиындатып отырған айыппұлдар мен өсімпұлдардан құтқаруға көмектеседі. Бағдарлама әртүрлі МҚҰ-дан екі немесе одан да көп қамтамасыз етілмеген микронесиесі бар азаматтарға қолжетімді. Жоба қазір «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау сатысында тұр. Іске қосылу мерзімі талқылау нәтижелері мен мақұлдауға байланысты болады.