Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны жеңілдету бастамасына жауап берді. Министрлік мұны орынсыз деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ ҰСТАНЫМЫ
Әлекешовтің айтуынша, министрлік бұл талаптарды орынсыз деп санайды. Әкімшілік кодекстің 608-бабы үшін жауапкершілікті жеңілдетуге ІІМ түбегейлі қарсы шықты.
Мұндай қатаң шаралар, оның ішінле 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы 2020 жылы жайдан жай енгізілген жоқ. Бұл тек заңдағы бап емес, жолдағы өмір мен өлімнің арасындағы шекара. Кейінгі бес жылда мас жүргізушілердің кесірінен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 460-тан астам адам қаза тауып, 3300-ден астамы жарақат алған, – дейді ол.
Министрліктің ресми өкілі мас жүргізушілерді қылмыскер, ол тіпті кісі өлтіруші деп атады.
ШЕТ ЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ
ІІМ шет елдердің тәжірибесін талдау алкогольді тұтынудан бас тартудың қалыптасқан мәдени ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанмен салыстырғанда жұмсақ әрі қатаң жауапкершіліктің болуын көрсететінін атап өтті. Мәселен Жапонияда мас жүргізушіге айтарлықтай айыппұл салынып, түрмеге жабылады. Бұл ретте онымен сапарға келіскен жолаушыларға да айыппұл салынады.
Малайзияда отбасылық жауапкершілік қарастырылған, онда мас жүргізушілермен бірге олардың жұбайлары да қамауға алынуы мүмкін. АҚШ-та Иллинойс штатында өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру, түрмеге қамау және айыппұл қарастырылған.
Беларусьте алкогольді қайта тұтынған кезде жүргізушінің көлігі алынып, мемлекет кірісіне сатылады. Бұл ретте оның көлік иесі екендігі маңызды емес.
Қытайда бес жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Алайда, егер мас күйінде жүру апатқа әкеліп соқтырса, жүргізуші өлім жазасына кесіледі.