Әнші Ерке Есмахан үшінші баласын өмірге әкелді

Сырым Қаржас
Фото: instagram

Әнші Райымбек Бақтыгереев (Raim) мен Ерке Есмаханның екінші баласы өмірге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Райымбек Бақтыгереевтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Аль-Ха́мду ли-Ллях, қош келдің, ұлым! Райымбек Батыр!, - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Райм мен Ерке 2023 жылы некелерін қидырып, сол жылы Ислам атты балалары өмірге келген еді. 

ЕРКЕ ЕСМАХАН

Ерке Есмахан — қазақстандық танымал әнші, көптеген хит әндердің орындаушысы. Оның репертуарында «Қайда?», «Аэропорт», «Әйелдің бақыты отбасы» сынды танымал әндер бар. Әлеуметтік желіде де белсенді, тыңдармандарымен жиі байланыс орнатып, жаңалықтарымен бөлісіп тұрады.