Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасамақшы

Сырым Қаржас
Amir Cohen / Reuters

Иран Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz 

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы Fars агенттігі әскери қолбасшылықтың жоспарларымен таныс дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

– Сионистік режимнің агрессиясынан басталған соғыс бұл режим басып алған барлық аумақтарға және аймақтағы америкалық базаларға таралады. Агрессорлар Иран тарапынан қатаң әрі ауқымды жауап алады», – деді агенттікке сұхбат берген адам.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Израильдің қорғаныс армиясы Иран аумағындағы әскери нысандарға қарсы әуе операциясын бастағанын мәлімдеген.

Израиль Иранға ультиматум қойып, ядролық нысандарға жасалған шабуылдарға жауап беруден бас тартуға ескерту жасады.

Ал Иран 14 маусымға қараған түні Израильге зымырандық шабуылмен жауап қайтарды.

Сонымен бірге бұған дейін Қазақстанның алты азаматы Ираннан Әзербайжан арқылы эвакуацияланғанын жазған едік.