Министрлік 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі қалай тарап кеткенін анықтап жатыр

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16 миллион қазақстандықтың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМДЕМЕ

Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

ТЕКСЕРІС

Министрлік ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. 

ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ

Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсеткен.

- Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ. Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте. Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан – негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған. Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады, делінген хабарламада. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, күні кеше 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткенін хабарлаған едік