Қырым мен Севастопольдің аннексиясына байланысты Еуропалық одақ енгізген санкциялар ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еуропалық одақ 2014 жылы маусымда Ресейдің Қырым түбегі мен Севастополь қаласын аннексиялауына жауап ретінде енгізілген санкцияларды тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы DW басылымы хабарлады.
Брюссельде атап өтілгендей, бұл шектеулер аннексияланған Қырымнан Еуроодаққа тауарлар мен қызметтерді импорттауға, түбектің экономикасына инвестиция салуға, сондай-ақ көлік, телекоммуникация, энергетика, мұнай және газ өндіру салаларына қатысты тауарлар мен технологияларды жеткізуге тыйымды қамтиды.
Еуроодақ кеңесі 2022 жылдан бастап Ресей Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын одан ары бұзып, бұл елге қарсы ауқымды соғыс бастағанын еске салды.