АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен қару-жарақ жіберетін болды

Ulysmedia
фото: zvo.ric.mil.ru

АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен қару-жарақ жөнелтті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс ушыққан тұста Пентагон Таяу Шығысқа қосымша әскер мен қару-жарақ жөнелтетін болды. АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет сөзінше, Пентагон өткен жексенбіде осындай шешімге келген.

Қосымша әскер аймақтағы АҚШ қарулы күштерін қорғау мақсатында жіберіледі.

Мен АҚШ Орталық басқару штабы жауапты аймаққа қосымша әскер мен қару-жарақ жөнелтуге бұйрық бердім, – деді Хегсет Х желісінде.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс 13 маусымда басталған. Тель-Авив Иранның ядролық бағдарламасына қарсы арнайы әскери операция бастап, ядролық және стратегиялық нысандарды атқылаған. Тегеран қарымта ретінде Израиль аймағын зымыранмен шабуылдаған. Қақтығыс әлі жалғасып жатыр.