Ресей президенті Владимир Путин Киевтегі тұрғын үйге жасалған соққыны "әскери зауытқа шабуыл" деп атады. Соққы салдарынан 25-тен астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Путин Украинадағы соққылардың тұрғын үйлерге емес, әскери зауыттарға бағытталғанын мәлімдеуді жалғастыруда, деп жазады DW.
«Соққы тұрғын аудандарға емес, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің нысандарына — әскери техника өндіретін зауыттарға жасалды», — деп түсіндірді Ресей президенті 17 маусым күні Киевтің Соломен ауданындағы тоғыз қабатты үйге зымыран түскен оқиғаны.
Бұл мәлімдемені ол Associated Press агенттігінің Еуропа және Африка жаңалықтар қызметінің бас редакторы Джеймс Джорданның сұрағына жауап ретінде айтты. Путиннің айтуынша, Батыс журналистері зымыранның үйге дәл тиген сәтін өз көздерімен көрген.
«Егер сіздің журналистеріңіз біздің зымырандар тұтас тұрғын аудандарды жойғанын расымен көрген болса, олар сізге бұл туралы ештеңе айтып бере алмас еді. Себебі тірі қалмас еді», — деді Путин.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Киевке жасаған шабуылы салдарынан 27 адам қаза тапқаны хабарланған еді.