Иран мен Израильден тағы бірнеше қазақстандық эвакуацияланды

Сырым Қаржас
gov.kz

Иран мен Израильден тағы бірнеше қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЭВАКУАЦИЯ

Сыртқы істер министрлігі эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, құзыретті мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері 109 отандасымызды елге қайтарған болатын.