Катонқарағайда адам көзіне сирек түсетін жыртқыш видеоға түсіп қалды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Катонқарағай ұлттық паркінде адам көзіне сирек түсетін жыртқыш видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық парк мәліметінше, жыртқышты видеоға турист түсіріп алған. 

- «Ирек» туристік экскурсиялық маршрутымен жүрген турист Аркадий Мамиев Катонқарағай ұлттық паркінің адам көзіне сирек түсетін жыртқышы — сілеусінді кездестірді. Табиғатқа құрметпен қарап, оның байлығын сақтайық, – делінген жазбада

ҚАР БАРЫСЫ

Еске салайық, бұған дейін Катонқарағайда сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсіп қалған болатын.