Дүйсенбіде елдің екі өңірінде аптап ыстық болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 маусым, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

– Елдің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады. Республиканың көп бөлігінде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі, – делінген хабарламада.

Күндіз Жамбыл облысында, сондай-ақ Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында аптап ыстық болып, температура +40° градусқа дейін жетуі мүмкін.

Ал Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында ауа температурасы +35°…+38° градусқа дейін көтеріледі.