«Жағдай қалай болса солай әрекет етеміз»: СІМ Ираннан босқындар келе ме деген сұраққа жауап берді

Сырым Қаржас
Reuters

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Қазақстанға босқындар келе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Шекарамызда қандай да бір жағдай болса, біз, әрине, көмектесуге дайынбыз. Бірақ қазір біреулердің бір жаққа қашып жатқанын растайтын нақты деректер бізде жоқ. Бізге ондай өтініштер де түскен жоқ. Ертең не боларын ешкім болжап айта алмайды. Сондықтан жағдайды бақылап, соған сай әрекет ету ғана қалады», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Сенат кулуарында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Қазақстан қаншалықты экономикалық шығынға ұшырауы мүмкін деген сұраққа жауап берген еді.