Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстан Ирандағы қандастарды елге әкеле ме

Сырым Қаржас
Фото: Reuters

Ulysmedia.kz тілшісі сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға Ирандағы қандастардан Қазақстанға жедел эвакуациялау туралы өтініштер түсті ме деген сұрақ қойды.

ЖАУАП

Роман Василенконың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның Ирандағы консулдық өкілдері жергілікті қазақ диаспорасымен және Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.

- Жағдай тұрақты. Шетелге шығуға ниет білдіргендердің барлығы әртүрлі елдер арқылы елден шығып кетті. Ал қандастар тарапынан жаппай көшуге қатысты нақты өтініш түскен жоқ. Олар Иран азаматтары болып саналады. Егер олардың арасында Қазақстан азаматтығын алғандар болса, оларға толық қолдау көрсетіледі, – деді ол.

Сондай-ақ дипломат қақтығыс аумағында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгенін, жағдайдың біртіндеп тұрақталып жатқанын айтып өтті.

- Жақын арада шұғыл эвакуация қажеттілігі туындайды деп ойламаймыз, – деді Василенко.

АЙТА КЕТЕЙІК

Бұған дейін қоғам белсенділері Ирандағы қазақ диаспорасының атынан қандастар Қазақстаннан көмек сұрап, елге көшіруді өтініп жатқанын мәлімдеген болатын.

ИРАН-ИЗРАИЛЬ

Күні кеше Израиль Иранмен арада атысты тоқтатуға келісті. Артынша Иран Израильге қарсы атыстың тоқтағанын хабарлады