Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақорда таратқан ақпаратқа қарағанда, президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосалады.
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын, – делінген ақпаратта.
Бұдан өзге агенттік қызметінің бір бөлігі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке жүктелген. Жарлыққа сәйкес, қайта құру жұмыстарына екі ай уақыт берілген.
– Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.