Бакуде ресейлік агенттіктің кеңсесінде тінту жүргізілді

Ulysmedia
Фото: АРА GROUP

Бакуде  ресейлік «Sputnik-Әзірбайжан» агенттігінің кеңсесіне тінту жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ ТІНТУІ

Әзербайжандық APA және Report басылымдарының мәліметінше, тінтуді полиция жүргізіп жатыр. Бірақ оның мән-жайы әзірге белгісіз.

«Россия сегодня» медиа-тобының бас редакторы, пропагандалық журналист Маргарита Симоньян Ресейдің Бакудегі елшілігінің қызметкерлері агенттік кеңсесіне барды деді.

– Қызметкерлер хабарласпай жатыр – оларды телефонмен сөйлестірмей отырған тәрізді. Арасында Ресей азаматтары да бар, – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

ЖАБЫЛҒАН АГЕНТТІК ЖӘНЕ АККРЕДИТАЦИЯ

Биыл ақпанда Әзербайжан билігі «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің жабылғанын мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айхан Ғаджизаде бұл медиа құралының тек бір тілшісіне ғана аккредитация берілетінін айтқан. Әзербайжан билігі «шетелде жұмыс істейтін әзербайжандық мемлекеттік басылымдардың журналистері мен Бакудегі шетелдік журналистердің жағдайын теңестіру мақсатында «Sputnik Әзербайжан» агенттігінде жұмыс істейтін 40 қызметкердің орнына 1 адам ғана қалдыруды ұйғарған.

Report басылымының мәліметінше, агенттік соған қарамастан жұмысын «жалғастырған және оның қызметкерлері жұмысқа барып жүрген».

ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ УШЫҒУЫ

Әзербайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас 27 маусымда Екатеринбургте ұлты әзербайжан 50-ден астам адам ұсталғаннан кейін ушыққан. Екі адам қаза болып, тағы екеуі рейд кезінде қатты зардап шеккен. Ресми Баку бұл оқиғаға кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

РЕСЕЙ ЖАУАБЫ

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Екатеринбургте ауыр қылмыстарды тергеу аясында күдіктілер ұсталған, құқық қорғау органдары жағдайды бақылап отыр деп мәлімдеді. Министрліктің ресми өкілі Мария Захарова бұл істер 2001, 2010 және 2011 жылдары жасалған кісі өлтіру қылмыстарымен байланысты деп нақтылады.

ӘЗЕРБАЙЖАН РЕАКЦИЯСЫ

Жағдай шиеленісіп жатқан шақта Әзербайжанның парламенттік делегациясы республиканың Мәжілісі мен Ресей федерациясы парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысына қатыспауды ұйғарды. Әзербайжан парламентінің мәлімдемесінде ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «ашық және заңсыз әрекеттері» салдарынан әзербайжандықтар арасында қаза болған адамдар бары айтылған.