Жапондық азамат Қазақстандағы жемқорлық деңгейін естіп жағасын ұстады

Сырым Қаржас
gov.kz

Жапонияда өмір бойы жемқорлық дегенді атымен білмейтін жапон азаматы Қазақстанда шенеуніктер мен полиция қызметкерлерінің халықтан ақша алатынына сене алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жапонияда жеті жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық өзінің жапон досы Таку-санмен болған қызықты әңгіме туралы айтып берді. Белгілі болғандай, жапон азаматы шенеуніктер немесе жол полициясы қызметкерлері азаматтардан ақша алады дегенге сене алмаған.

Яғни, пара алу жағдайларына. Ол пара көлемі, ақша беру тәсілі секілді мәселелерге нақтылай сұрақтар қойған. Алайда оны шын мәнінде таңғалдырғаны Қазақстанда өте бай шенеуніктердің кездесетіні болған.

— Өмірінде бірде-бір рет пара немесе жемқорлық көрмеген жапон азаматының бұл тақырыпқа қызығушылығы артып, ол нақты сұрақтар қоя бастады: пара сомасы қалай белгіленеді? Ақша қалай беріледі? Ең төменгі шек бар ма? Ұсынылған сома аз деп пара алудан бас тартуы мүмкін бе?, деп жапон досымен диалогын Есбол Сартаев баяндады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жемқорлық жайлаған үш сала белгілі болған еді.