Әзербайжанның бас прокуратурасы Ресей қорғаныс министрлігінің ұшақ апатына қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әзербайжан бас прокуратурасы БАҚ-та тараған AZAL әуе компаниясы ұшағына Ресей әскери күштері тарапынан соққы жасалды деген ақпарат мұқият тексерілетінін мәлімдеді. Ұшақ апатына байланысты тергеу әлі де жалғасуда.
– Жалпы, кез келген оқиға бойынша БАҚ-та тараған ақпараттар міндетті түрде тексеріліп, тергеу органдарына беріледі. Сонымен қатар, ақпараттың қайдан және қандай негізде таралғаны да тергеу аясында зерттеледі. Бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме де дәл осындай тәртіппен тексерілуде, – деді Әзербайжан бас прокуратурасының тергеу басқармасы бастығы Немәт Авазов.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін апатқа ұшыраған ұшаққа "оқ атуға бұйрық берген" ресейлік капитанның хаты тараған болатын.