Шекарадағы жаңа ережелер: Қырғызстан қауіпсіздік шараларын қатаңдатты

Сырым Қаржас
Фото: РИА Новости

Қырғызстан министрлер кабинеті шекаралық режим ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік шекара маңындағы адамдар мен көліктер қозғалысын нақты реттеуді көздейді.

НЕ ӨЗГЕРДІ

24.kg мәліметінше, жаңашылдықтардың бірі – шекара маңындағы аймақ арқылы транзиттік қозғалыс талаптарын нақтылау. Енді шекарадан өту немесе шекаралық бақылау бекеттеріне қарай қозғалу үшін жеке басты және шекарадан өту құқығын растайтын ресми құжаттар болуы шарт.

Маршрутты өзгерту, көлікті тоқтату, жолаушыларды түсіру немесе жүк түсіру – барлығы да қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер тек төтенше жағдайларда – мысалы, көлік бұзылса немесе шұғыл медициналық көмек қажет болғанда ғана рұқсат етіледі.

МАҢЫЗДЫ

Ережеде дрондар мен басқа да ұшатын аппараттарды қолдануға қатысты бөлек талаптар көрсетілген. Шекара маңында оларды ұшыру, қондыру немесе қабылдау арнайы рұқсатсыз мүлдем тыйым салынған. Бұл шара – ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қауіптердің алдын алу мақсатында енгізілген.

Жаңа ережелер 2025 жылдың 14 шілдесінде күшіне енеді.