Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы жанжалдың видеосы тарады

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Өзбекстандық кеден қызметкері қазақстандық азаматты ұрды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Telegram-дағы Jagdai арнасының мәліметінше, оқиға 5 шілде күні Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында болған.

— Видеодан қазақстандық пен өзбек кеденшісі арасында жанжал туындағанын, сол сәтте кейінгісі жұдырық жұмсағанын байқауға болады, — делінген жазбада.

Қазірге дейін бұл жағдайға қатысты ресми пікір айтылған жоқ.

Ulysmedia.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдады.