19 жастағы қазақстандық спортшы Сергей Веселов Сауд Арабиясында ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«За нами уже выехали» Telegram арнасының мәліметінше, Сергей Веселов 19 маусымда Астанадан Стамбұлға ұшқан. Кейіннен Сауд Арабиясының Медина қаласына бет алған. Әкесінің айтуынша, оның ол жаққа не себепті барғаны белгісіз. Бір аптадан кейін спортшымен байланыс үзілген.
– Біз оның тірі екенін, бірақ тергеуде екенін анықтадық. Оған қандай баппен айып тағылғанын және қай полиция бөлімінде екенін бізге айтқан жоқ. Қазақстан консулы күту керек екенін айтты, – дейді спортшының әкесі.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазақстандық спортшылы Сауд Арабиясының полициясы ұстағанын растады.
– Мединада Қазақстан азаматын Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары ұстады. Әзірге қандай да бір айып тағылған жоқ. Мән-жайды анықтап жатырмыз, – делінген сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Сергей Веселов пауэрлифтингтен әлем чемпионатының жүлдегері, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы болған.