Маңғыстаудағы мұнай кен орны әлеуметтік желіде сатылымға қойылды

Сырым Қаржас
pixabay.com

Маңғыстау облысындағы мұнай кен орны 17 миллион АҚШ долларына сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада Маңғыстау облысындағы мұнай кен орны 17 000 000 АҚШ долларына сатылатыны көрсетілген. 

- Аумақтың жалпы көлемі – 12 шаршы шақырым. Инфрақұрылымы: жылына 350 мың тоннаға есептелген мұнай дайындау қондырғысы, ілеспе газды кәдеге жаратуға арналған газ құбыры – айына 30–50 мың текше метр, жеке резервуарлар паркі – 1 400 текше метр. Қолданыстағы инфрақұрылымы және расталған қоры бар, тартымды актив, – делінген хабарламада.

Хабарландыру авторы инвестор сұранысы бойынша барлық құжаттың ұсынылатынын атап өтеді. Сонымен қатар, кен орны Ақтау портына жақын, Өзбекстан бағытына қарай орналасқан және жеке меншік екені көрсетілген.