Вячеслав Кимнің Alatau City Bank-ті сатып алу процесін аяқтағаны белгілі болды

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Кимнің Alatau City Bank-ті сатып алу процесін аяқтағаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Alatau City Bank Акционерлік қоғамы (16.06.2025 жылға дейін – "First Heartland Jusan Bank" Акционерлік қоғамы) кәсіпкер Вячеслав Кимнің банктің бұрынғы иесі Ғалымжан Есеновтен банктың 100% акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтағанын хабарлады.

– 2023 жылдың ортасынан бастап, мен Jusan Bank-ті баcқаруға алған кезде, біздің команда қаржы институты қызметінің тиімділігін арттыру, көптеген бизнес-процестерді жетілдіру, өнім желісін жаңғырту, активтердің сапасын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Осы кезеңде біз өз күш-жігерімізді банктің тұрақты өсуі мен технологиялық прогреске қол жеткізуіне жұмылдырдық. Ким мырзаның келуімен Alatau City Bank осы оң өзгерістерді дамытып, Қазақстанның жетекші банктерінің бірі мәртебесін нығайтатынына сенемін, – деді Ғалымжан Есенов.

КИМ НЕ ДЕДІ?

– Alatau City Bank сатып алу мен үшін өте маңызды, мен оның негізінде қазақстандық нарық үшін түбегейлі жаңа қаржы институтын құруды жоспарлап отырмын. Соңғы екі жылда атқарған тамаша жұмысы үшін банк менеджментіне алғыс айтамын. Егер біз барлық үздік әзірлемелерді сақтап, жеделдетілген технологиялық дамуға ставка жасасақ, табысқа жететінімізге сенімдімін, – деді Ким.

Бұған дейін, Вячеслав Кимнің «Jusan Bank» акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтініш білдіргені айтылған. 2025 жылы мамырда банк рембрендиг жасағаны туралы хабарланған. Банк атауын «Alatau City Bank» деп өзгерткен.

ВЯЧЕСЛАВ КИМ

2024 жылы 16 қыркүйекте First Heartland Jusan Bank директорлар кеңесі өзінің төрағасы етіп тәуелсіз директор Қуат Қожахметовтың сайлаған. Шешім директор кеңесінің жиынында қабылданған. Ғалымжан Есенов кеңестің төрағасы қызметінен кеткен.

Қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Ким Forbes рейтингінде бірінші орында. Ол ең бай кәсіпкерлер рейтингінде көшбасшылықты сақтап, бір жыл ішінде байлығын 1,3 миллиард долларға арттырқан. 1 сәуірде жарияланған Forbes миллиардерлерінің жаһандық рейтингінде ол 464-ші орынды иеленген.

Ким Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. 2025 жылдың 1 сәуірінен бері компанияның 21,3 %  соған тиесілі. Сондай-ақ, «АЛСЕКО» АҚ иелік етеді. Сол арқылы «Астана-ЕРЦ» ЖШС, «ELTOP Soft» ЖШС және «Позитив Инвест» ЖШС компанияларында үлесі бар.