Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады. Бұл тізімге құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ немесе жобадан ауытқып салынып жатқан, не құрылыс мүлдем басталмаған нысандар енген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құжатсыз салынып жатқан немесе заңбұзушылықпен бой көтерген тұрғын үй кешендері:
Алатау ауданы:
1. «Питтсбург» — Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24;
2. «Достар Deluxe» — Мәдениет шағын ауданы, 185/8.
Алмалы ауданы:
3. «Auezov Apartaments» — Қарасай батыр көшесі, 183/19;
4. «Tole bi Residence» — Аносов көшесі, 103 Б;
5. «Қабанбай батыр» — Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің қиылысы;
6. «M-Park» (2-кезек) — Әуезов көшесі, 2/8.
Бостандық ауданы:
7. «Швейцария» — Нұрлытау шағын ауданы (бірнеше учаске);
8. «Rich» клуб үйі — Мирас шағын ауданы, 24/1, 24/2;
9. «7 Avenue» — Ремизовка шағын ауданы;
10. Атаусыз МЖД — Ерменсай шағын ауданы, Жәңгір хан көшесі, 46;
11. «Evim novo» — Қарғалы шағын ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3;
12. «Barakat» — Нұр-Алатау шағын ауданы, Тауасарұлы көшесі;
13. «Montblanc» — Ерменсай шағын ауданы;
14. Тұрғын үйлер құрылысы — ПК Горный Гигант;
15. Саяжай үйлері — ПК Жанару;
16. «Alatau park» — Нұр-Алатау шағын ауданы, Баязитова көшесі;
17. «Баганашыл» — с/т Мамыр (бірнеше учаске).
Медеу ауданы:
18. «Sky Club House» — Фонвизин көшесі, 28;
19. «Maison» клуб үйі — Шашкин көшесі, 42/1;
20. «Pine Hill Residence» — көш. 2, уч. 33;
21. «Alma Garden» — көш. 6, уч. 7, 9;
22. Атаусыз МЖД — Нұрмағамбетов көшесі, 374/1;
23. «Compositor» клуб үйі — Жамақаев көшесі, уч. 108.
Наурызбай ауданы:
24. «Люксембург» — Қарғалы шағын ауданы, Қали Надыров көшесі;
25. «Flora» — Тастыбұлақ шағын ауданы, Таутаған көшесі;
26. «Lantana» — Үлкен Алматы ауылдық округі;
27. «Французский дом» — Қарағайлы шағын ауданы;
28. Атаусыз МЖК — Кенесары хан көшесі, уч. 98.