Қазақстанға 246 лаңкес кірмек болған – ҰҚК төрағасы

Сырым Қаржас
Известия

Қазақстан ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев 2025 жылдың басынан бері терроризмге қарсы күрес аясында қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сағымбаевтың мәліметінше, биыл жыл басынан бері терроризмге қатысы бар деген күдікпен 3,5 мыңға жуық шетел азаматына елге кіруге тыйым салынған. Сонымен қатар террорлық әрекетке қатысы бар 246 шетелдіктің Қазақстан аумағына кіруіне жол берілмеген.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Өз елінде террорлық және діни-экстремистік қылмыстары үшін іздеуде болған 16 адам анықталды. Сондай-ақ терроризм мен діни экстремизм идеологиясын қолдайтын шамамен 800 мигрант анықталып, оларға қатысты депортациялық шаралар қабылданды, – деді Сағымбаев inform.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері 400-ден астам оқу-жаттығу және арнайы антитеррорлық дайындық өткізілген.

Сонымен қатар 95 мыңнан астам стратегиялық маңызды сала қызметкеріне теракт кезіндегі іс-қимыл тәртібі жөнінде арнайы оқыту жүргізілген.