Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевтің Украинадағы БТА Банкті сату үшін сатып алушылар тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кеңес Рақышевтің бизнес құрылымы Украинадағы БТА Банктің сатылғанын ресми растады. Сатып алушылар – украин кәсіпкерлері Вячеслав Мишалов пен Дмитрий Шевчук. Мәміле Украина антимонополиялық комитеті тарапынан мақұлданған.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айында БТА Банктің (Украина) 100% акциясын сату жөнінде алдын ала келісім жасалып, алдын ала төлем төленген болатын. Бірақ ол кезде мәміле тараптарының аты-жөні жарияланбаған еді.
Кеңес Рақышев 2020 жылдың қарашасында БТА Банктің барлық еншілес банктерін сатуға ниетті екенін мәлімдеген. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Рақышев Украинадағы БТА Банктің сатылымы үшін 4,5 миллиард теңге көлемінде алдын ала төлем алғаны туралы ақпарат тараған.
КЕҢЕС РАҚЫШЕВ
Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ауқатты кәсіпкерлердің бірі. Оның байлығы 435 миллион доллар деп бағаланған. Рақышев Fincraft Group ЖШС-нің жалғыз иесі және осы құрылым арқылы Fincraft Resources АҚ-ның 78,85% акциясын және БТА Банкті бақылайды.