Қазақ оқушылары халықаралық олимпиадан алтын алды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Дубайда өткен 57-ші Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары ел қоржынына 2 алтын және 1 күміс медаль әкелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Кирилл Ким мен Абылай Қабдулхадыр алтын медаль иегерлері атанса, Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Еңлік Бақытбекова күміс жүлдеге қол жеткізді.

- Баршаңызды осы айтулы жеңіспен құттықтаймын! Зияткерлік мектептердің атын әлемге танытып, Қазақстанның абыройын асқақтатуды жалғастыра беріңіздер. Алдағы уақытта да білім мен ғылым жолындағы ізденістеріңізге сәттілік тілеймін, дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин. 

СҰХБАТ

Бұған дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Ulysmedia.kz-ке эксклюзивті сұхбат беріп, онда бірнеше мәселе туралы ашық айтқан болатын. 

Толық сұхбатты Ulysmedia.kz-тің YouTube арнасынан көре аласыз.