Перизат Қайрат тасқыннан зардап шеккендердің ақшасын қалай жымқырған

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Үшінші негізгі сот отырысында су тасқынына қатысты эпизод қаралды. Онда Перизат Қайраттың қоры арқылы көмек ретінде ақша аударған 20-ға жуық жәбірленуші куәгер болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жәбірленушілер қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген түрлі жастағы, әртүрлі мамандық иелері бар. Олардың әрқайсысы Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қорына ондаған мыңнан бастап 8 миллион теңгеге дейін қаражат аударған. Барлығы дерлік жарнамаға және патриоттық сезімге толы видеоларға сеніп, су тасқынынан зардап шеккен отандастарына шын ниетімен көмектескісі келгенін айтты. Куәгерлердің ешқайсысы Перизатпен немесе оның анасымен жеке таныс болмаған.

Көпшілігі қорды мемлекеттік ұйым деп ойлап қалған. Ақша қайда кеткенін тексермеген, тек Перизат Қайраттың ұсталғаны жайлы ақпарат шыққан соң барып күмәндана бастаған.

– Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге бүкіл халық болып көмектестік. Біз туыстарымызбен бірге 1 миллион теңге жинап, қорға аудардық, – деді Ақтау тұрғыны.

Қазір жәбірленушілер өз ақшаларын кері қайтаруды талап етіп отыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың шотына 200 млн теңге аударған компания өкілі куәгер болған еді. 

Сонымен қатар, күні кеше өткен сот отырысында "Асар-Уме" қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайратпен қайырымдылық барысында қалай жұмыс істегені туралы айтып берген болатын.