Қызметкерлерін рогаткамен атқан полиция бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Абай облысы Шар қаласы полиция бөлімінің басшысы қарамағындағы қызметкерлерін қуып жүріп рогаткамен атқаны үшін қызметінен босатылды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның полиция қызметкерлерін рогаткамен атқан видеосы тараған. Бейнежазбаға жазылған пікірде рогатка ұстаған ер адам Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы, подполковник шеніндегі қызметкер екені айтылған. Ол осылайша қарамағындағы полицейлерді тәрбиелемек болған.
Абай облыстық полиция департаменті видеоға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан босатылғанын растады.
– Тәртіптік комиссия жұмысының нәтижесі бойынша Жарма ауданының Шар қаласы полиция бөлімінің бастығы қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына байланысты атқаратын қызметінен шеттетілді, – делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.