Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға өтініш берді

Ulysmedia
Фото: musavat.ru

Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға өтініш берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

– Иә, біз Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруге жүгіндік. Бұл біздің тепе-теңдік саясатымызға сәйкес келеді, – деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян 16 шілде Ереванда өткен баспасөз мәслихатында.

Армения бұған дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы статусына ие болған.

Бұдан өзге, Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға мүше. 2024 жылы премьер-министр Никол Пашинян ұйымға мүше болуды уақытша тоқтатқан. Ал 2025 жылы ҰҚШҰ-ға жарна төлеуден бас тартқан.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Үндістан, Иран және Пәкістан мүше.