Бишімбаевтың інісі Байжанов рақымшылық жасауды сұрап, өтініш берген

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қуандық Бишімбаевтің інісі Бақытжан Байжанов амнистияға өтініш берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы жоғарғы сот өкілдері хабарлады. 

- Сот мәліметінше, 9 шілдеде Степногор аудандық сотына Бахытжан Байжанов амнистия туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту жөнінде өтініш білдірген. Аталған өтінішті қарау күні әлі анықталған жоқ, делінген жауапта. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Бұған дейін Ұлысмедиа тілшісіне адвокат Ғазиз Ынтықбаев Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Ынтықбаевтың сөзінше, рақымшылыққа қатысты екі негізгі тұсы бар. 

- Біріншіден, жазадан мүлдем босату деген бар. Байжанов оған ілікпейді. Екіншіден, жазаның мөлшерін қысқарту бар. Бақытжан осы екіншісіне ілінеді. Яғни өтелмеген жазаның үштен бірі қысқартуға жатады. Одан бөлек, мерзімінен бұрын босату және жазасын жеңіл түрдегі жазаға ауыстыру бар. Осылар бойынша Байжановтың уақыты келді, – дейді адвокат. 

Яғни қазіргі уақытта Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге құқығы болған. 

ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Айта кетейік, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылған болатын. Сот үкімімен ол 2024 жылы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.