Қазақстан билігі әлемдік мұнай алпауыттарымен келіссөздер жүргізуге дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Upstreamonline басылымының мәліметінше, ресми Астана Chevron, Eni, Shell және ExxonMobil мұнай компанияларымен елдің үш ірі мұнай активтері (Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз) бойыншакелісімшарттарды ұзарту немесе бұзу туралы келіссөздерді бастауға ниетті.
– Өтініш осы жобалар бойынша келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бірнеше жыл бұрын жасалған. Олардың үлесіне Қазақстандағы мұнай өндірудің жалпы көлемінің 70% - дан астамы тиесілі. Бұл Астананың келіссөздер ұзақ әрі күрделі болады деп сезінуіменбайланысты. Өйткені Қарашығанақ пен Қашаған бойынша келісімдер тараптар арасындағы миллиардтаған арбитраждық соттасулар, өзара айыптаулар және сенімсіздікпен күрделене түскен, - деп жазады басылым.
Анықтама:
Теңіз мұнай кенін Tengizchevroil консорциумы игеріп жатыр. Оның құрамына Chevron (50%), ExxonMobil (25%), ҚазМұнайГаз (20%) және ЛУКОЙЛ (5%) кіреді;
Қарашығанақ мұнай кенін Karachaganak Petroleum Operating (KPO) игереді. Оған Eni, Shell, Chevron, Лукойл және ҚазМұнайГаз компаниялары кіреді;
Қашаған мұнай кенін құрамында Eni, Shell, TotalEnergies, ExxonMobil, ҚазМұнайГаз, Inpex және CNPC кіретін North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы игеріп жатыр.