Өзбекстан сотталып шыққандарға жәрдемақы беретін болды

Сырым Қаржас
фото: Донат Сорокин/ТАСС

Өзбекстан билігі бостандыққа шыққандарға арналған бір реттік жәрдемақының мөлшері мен төлеу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Енді түзеу мекемелерінен босатылған әр азамат мемлекеттен көмек ала алады. Бұл процесс толықтай электронды форматта, E-probatsiya жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қағазбастылық болмайды.

ЖӘРДЕМАҚЫ

Бір реттік жәрдемақы көлемі 6 базалық есептік көрсеткіш (БЕӨ) ретінде белгіленген. Қазіргі есеп бойынша бұл шамамен 94 мың теңге.

КОНТЕКСТ

1 шілдеден бастап Өзбекстанда зейнетақы мен жәрдемақылар, сонымен қатар балаларға арналған жәрдемақы мен аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін материалдық көмек 10%-ға артты.