Ресейлік «Союз-5» зымыран тасығышын Қазақстан аумағында, Байқоңыр қаласында құрастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан мен Ресейдің салалық ведомстволары «Союз-5» зымыранын құрастыру өндірісін Қазақстанға көшіру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл мәселе желтоқсан айына жоспарланған алғашқы сынақ ұшыруынан кейін ғана нақты қарастырылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
– «Союз-5» зымыран тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағында құрастыру өндірісін көшіру мәселесі Қазақстан мен Ресейдің ғарыш агенттіктері деңгейінде шынымен талқыланып жатыр. Алайда бұл мәселені жан-жақты қарастыру тек алғашқы сынақ ұшыруынан кейін ғана мүмкін болады. Сол кезде зымыранның және жердегі кешеннің техникалық сипаттамалары нақтылай түседі, – деп хабарлады ведомство ТАСС агенттігіне.
Ұшыруды сынау Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында өтпек. Екі ел арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес, Ресей зымыран тасығышты дайындаса, Қазақстан оған қажетті жердегі инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.
«Союз-5» өндірісін көшіру жоспары жайлы биыл маусым айында белгілі болған.