Берденовке жасалған қастандық: іс сотқа жолданды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша қылмыстық іс сотқа берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдын ала тыңдаулар 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленді. Бұл қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталғаны туралы 25 маусымда белгілі болған.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.

Ulysmedia.kz редакциясының қолына 21 сәуірдегі ресми анықтама түскен болатын. 

Ал 28 мамырда Берденовті атқан күдіктінің жұбайы мәлімдеме жасады.