Боранбаевтың компаниясына тиесілі болған жерлер аукционға қойылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысында Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған жерлер аукционға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісімен электрондық аукцион өткізілетінін хабарлады.

Аукцион 2025 жылғы 13 тамызда өтеді. Алматы облысында орналасқан 10 жер учаскесі сауда-саттыққа шығарылады. Лоттардың жалпы бастапқы құны 1 575 778 934 теңге.

Informburo.kz мәліметінше, жерлер Қайрат Боранбаевтың компаниясына тиесілі болған. 

ЖЕРДІ ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Аукционға қатысу үшін:

  • E-Qazyna платформасында тіркелу;
  • кепілдік жарнаны енгізу;
  • өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Сауда онлайн-форматта өтеді, бұл әдіс кез келген жерден қатысуға мүмкіндік береді.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етеді және активтер туралы толық ақпаратты, соның ішінде сипаттамасы мен бағалау құнын ашық жариялайды.

Аукционға қатысу шарттары E-Qazyna платформасында жарияланған.