Трамп Ресеймен келіссөздерден үмітін үзіп жатыр

Сырым Қаржас
Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысқа қатысты Ресеймен келіссөздерінің нәтиже бермей жатқанына көңілі толмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Ол [Дональд Трамп] шыдамын жоғалтып барады және Ресей тарапы бұл соғысты аяқтау үшін қандай да бір қадам жасайды деп күтіп отыруға барған сайын құлқы болмай жатыр, – деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News арнасына берген сұхбатында.

КОНТЕКСТ

Шілде айының ортасында Трамп Ресейге “қатты наразы”  екенін айтып, егер Украинадағы атысты тоқтату жөнінде келісімге келмесе, 100%-ға дейін қосымша баж салығын енгізетінін ескерткен.

Бұл үшін ол 50 күн мерзім белгілеген. Дегенмен АҚШ президенті ешбір тарапты жақтамайтынын айтқан.