Қазақстан әлемде жан басына шаққандағы ажырасу саны бойынша алдыңғы қатарда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Интернет-маркетолог Ерлан Мұқашевтың пікірінше, Қазақстанда жаппай ажырасудың басты себебі – әлеуметтік желілер. Оның айтуынша, адамдар Instagram-дағы «әдемі өмірді» көріп, өз өміріне көңілі толмай, салыстыра бастайды.
– Қазақстан неге ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр? Бұл опасыздық пен ақша үшін деп ойлайсыз ба? Жоқ, басты себеп – әлеуметтік желілер. Себебі reels-та біреу көлік сыйлап жатыр, Парижде таңғы ас ішіп отыр, гүл жапырақтары арасында шомылып жүр. Ал сенде күнде бір үй тіршілігі: бала жылайды, кешкі ас күйіп кеткен, сөйтіп, сен салыстыра бастайсың. Неғұрлым көп көрсең, соғұрлым өз өміріңдегі нәрселердің құнын түсіресің. Сосын өкпе, реніш көбейеді. Жаныңда жүрген адам блогер емес қой, ол саған лайк үшін емес, шын көңілмен қамқор болып жүрген жан. Әлеуметтік желі – өмір емес, ол жай ғана әдемі сурет, шоу. Өз отбасыңды біреудің сторисімен салыстырма. Лентаны жап та, жаныңда жүрген адамға қара, – деп кеңес береді сарапшы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда отау құрған 124 мың жұптың жартысы ажырасқанын айтқан еді.