Астана мен Солтүстік Қазақстанда адам саудасымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, қылмыстық топ интернетте секс-қызмет ұсынған жарнама жариялаған.
– Алдын ала деректер бойынша, қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан, – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Тінту кезінде ақша, банк карталары, автокөлік, компьютер тәркіленген. Күдіктілер қамауға алынған.
– Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.