Көлік вице-министрі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «пара алды» деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен ҚР Көлік вице-министрі қамауға алынғанын хабарлады.
Ведомство таратқан ақпаратта заңға байланысты өзге ақпарат жарияланбайтыны жөнінде айтылған.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін, 2 тамызда интернетте көлік вице-министрі Сәтжан Абләлиевтің ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған.
СӘТЖЕН АБЛӘЛИЕВ
Сәтжан Абләлиев 2023 жылдың қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарады. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.