Ресей орта және қысқа қашықтағы зымырандарды қолдануға дайын

Ulysmedia
Фото: ТАСС/Александр Полегенько

Ресей орта және қысқа қашықтағы зымырандарды қолдануға дайын екенін мәлімдеді. АҚШ пен "ұжымдық Батыс" елдерін орта және қысқа қашықтағы зымырандар үшін инфрақұрылым дайындады деп айыптады, деп хабарлайдыUlysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

«Ресей СІМ зымырандарды орналастыруға біржақты мораторийді сақтау жағдайды жойылғанын және Ресей Федерациясы бұдан былай өзін бұрын қабылданған шектеулермен байланыстырмайды», – делінген Ресей сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

АҚШ ПЕН РЕСЕЙ ТЕКЕТІРЕСІ

2019 жылға дейін орта және қысқа қашықтағы зымырандарды пайдалануға қатысты келісім болған. Ол келісімге тараптар 1988 жылы қол қойған. Бірақ АҚШ бұл келісімнен шығып кеткен. Ақ үй Ресейдің «Ескендір» зымыран кешені келісімді бұзды деп мәлімдеді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келісімде көрсетілген шектеулерді «өміршең емес» деп атап, АҚШ-ты зымырандарды пайдаланды деп айыптады.

АҚШ-тың 2026 жылы Германияға ұзақ қашыққа соққы жасайтын жүйелерін, соның ішінде гипердыбыстық зымырандарын орналастыратыны туралы Вашингтонда өткен НАТО саммитінде айтылды. АҚШ пен Германияның мәлімдемелеріне жауап ретінде Ресей аймаққа осындай қаруды, мүмкін ядролық қару орналастырамыз деді.

2025 жылы шілденің соңында Владимир Путин «егер АҚШ Германия аумағына жоғары дәлдіктегі зымырандарын орналастыратын болса, Ресей орта және қысқа қашықтағы зымырандарды пайдалану бойынша еркін сезінетін болады» деп мәлімдеді.

ОРТА ЖӘНЕ ҚЫСҚА ҚАШЫҚТАҒЫ ЗЫМЫРАНДАР

Орта және қысқа қашықтағы зымырандар қатарына баллистикалық және қанатты зымырандар кіреді. Олар 500 шақырымнан 5500 шақырымға дейін ұша алады және ядролық оқ тұмсық алып ұшуға қауқарлы. Егер тараптар зымыран кешендерін шекаралық аймақтарға орналастыратын болса, онда ол 1980 жылғы қырғи-қабақ соғыс жағдайын қайталайтын болады. Ол уақытта АҚШ Германияға өзінің «Першинг» зымырандарын орналастырса, Совет одағы орта қашықтағы зымырандарымен Батыс Еуропаға сес көрсеткен.