Қазақстанда «Ресей темір жолдары» компаниясына қатысты тергеу басталды

Ulysmedia
Фото: gov.kz

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ресей темір жолдары» АҚ компаниясының Петропавлдағы филиалына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік  мәліметінше, 2024 және 2025 жылдардың қаңтар–ақпан айларына Солтүстік Қазақстан облысы аумағында вагондардың электрондық таразыларына метрологиялық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайына жоспардан тыс талдау аяқталған.

«Талдау жүргізуге «Agrimer Mamlutka» ЖШС-нің шағымы себеп болған. Компанияның мәліметінше, Петропавлдағы Оңтүстік-Орал темір жолының «Ресей темір жолдарына» қарасты бөлімшесі көрсететін қызметтердің бағасын 2025 жылдың қаңтарынан бастап 9,5%-ға көтеріп,салықты қоса есептегенде 845 261,76 теңгеге дейін жеткізген. Салыстыру үшін, дәл осындай қызмет Қазақстанның басқа өңірлерінде орта есеппен 391 000 теңге шамасында. Бұл айтарлықтай айырмашылық монополиялық баға белгілеу белгілеріне жататынын көрсетеді», – делінген агенттік хабарламасында.

Антимонополиялық тергеу басталды

Талдау нәтижесінде бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылғаны, атап айтқанда, монополиялық жоғары баға орнату белгілері анықталған. Осыған байланысты агенттік ресми тергеу жұмыстарын бастаған.
Тергеу мерзімі – 3 айдан 5 айға дейін созылуы мүмкін.

«Ресей темір жолдары»  

Ресейлік темір жол компаниясы Қазақстан аумағында халықаралық транзиттік тасымал операторы ретінде белсенді жұмыс істейді.
Қазақстан арқылы өтетін маңызды теміржол дәліздері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінбайланыстырады.

Сонымен қатар, «Ресей темір жолдары» «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен тарифтерді келісу, логистика және контейнерлік тасымалдар салаларында ынтымақтастық орнатқан.

Егер тергеу барысында «Ресей темір жолдары» компаниясының Петропавлдағы филиалы монополиялық баға белгілеу фактісі бойынша