Алматы облысында бір адам пойыз астына түсіп қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, оқиға Алматы облысындағы Қарабұлақ – Тентек станцияларының арасында болған. Ер адам пойыз жолына шығып кеткен. Машинист пойызды дер кезінде тоқтатып үлгермеген.
«6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ – Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқа болуына байланысты адам қағудың алдын алу мүмкін болмады», –делінген хабарламада.
Компания темір жолға жақын жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.