Әзербайжан мен Армения басшылары Вашингтонда бейбіт келісімге қол қояды. Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Трамптың сөзінше, 8 тамызда Әзербайдан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ақ үйде кездеседі.
«Көптеген көшбасшылар бұл қақтығысты тоқтатқысы келді. Бірақ барлығы сәтсіз болды. Енді Трамптың арқасында оған қол жеткізу мүмкін болып отыр», – деп жазды Трап өзінің Truth Socialпарағында.
Трамптың сөзінше, Әзербайжан мен Армения келісімінен бөлек, АҚШ екі тараппен де жеке-жеке келісімге қол қояды. Ол келісімдер Оңтүстік Кавказды дамытуға арналған экономикалық келісімдер болмақ.
«Мен бұл ержүрек көшбасшылармен мақтанамын. Бұл Армения, Әзербайған АҚШ және әлем үшін тарихи күн болады», – деді ол.
Бұған дейін Илхам Әлиев пен Никол Пашинянның Вашингтонда кездесетіні туралы айтылған. Оның алдында даулы Заңгезур дәлізін АҚШ 100 жылға жалға алуға дайын екендігі жөнінде ақпарат тараған.