Ресейде заманауи қару-жарақтың бары расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков «Орешник» кешенінен бөлек, Ресейде өзге де заманауи қару-жарақ бар екенін мәлімдеді. Алайда олардың нақты қандай екенін ашып айтпады.
– Маған айтуға рұқсат етілмеген нәрсені атай алмаймын, бірақ бар, – деді Рябков «Россия 1» телеарнасының эфирінде.
Бұдан бөлек, ол Мәскеу орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандарды орналастыруға қатысты мораторийді алып тастағанын, бұл қадам НАТО елдеріндегі «тым қызуқанды басшылардың» көңілін суыту үшін жасалғанын жеткізді.
АЙТА КЕТЕЙІК
«Орешник» – Ресейдің тәжірибелік жылжымалы жерүсті зымыран кешені және соған атауы бір орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран. Бұл атауды Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылғы 21 қарашада, Украинаға басып кіру барысында Днепрге зымыран соққысынан кейін алғаш рет атаған.