Президент Дональд Трамп Ресей мен Украина басшыларын келіссөзге келуге міндеттейтін болады. Бұл жөнінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Fox News телеарнасына берген сұхбатында Джей Ди Вэнс Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы айтты. Оның сөзінше, бейбіт келісімге келу мәселесінде АҚШ президенті Дональд Трамп шешуші рөл атқаруы тиіс. Трамп Владимир Зленский мен Владимир Путинді көліссөзге келуге мәжбүрлейді.
«Біз диалогты ашық қалдырамыз, бірақ президент Трамп Путин мен Зеленскийді келіспеушіліктерді шешу үшін келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүрлеуі керек», – деді ол.
Вэнс келіссөз шарттары екі тарапқа да ұнамауы мүмкін екенін растады. Ол бұған дейін Путиннің Зеленскиймен кездесуден бастартқанын, бірақ Трамп оны көндіргенін айтты. Сөзінше, Вашингтон үш жақтық кездесудің жоспарын әзірлеп жатыр.
Вэнс АҚШ Украинадағы қаржылай қолдау көрсетуін тоқтатуы керектігін айтты. Ол Украинадағы соғыс Еуропаның артқы ауласында болып жатқан қақтығыс деп атады.
Контекст
Бұған дейін Дональд Трамп пен Владимир Путин 15 тамызда Альяскада кездесуі мүмкін екендігі айтылған. Бірақ бұл кездесуге Владимир Зеленский қатыспайды.