Таяу Шығыста террористік ұйым жұмысына араласты деп айыпталып, ұсталған Қазақстан азаматы елге жеткізділді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық террористік ұйым жұмысына араласты деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Астанаға жеткізілгенін хабарлады. Ол бұған дейін Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған.
Оның үстінен қылмыстық кодекстің 257-бабы «террористік топ құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу» бойынша іс қозғалған
Сот шешімімен күдікті қамауға алынған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.