«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ипотеканың пайызы өсетін болды

Есдәулет Қызырбекұлы
gov.kz

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға баратын мамандарға берілетін ипотеканың пайызы өсетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

18 тамыздан бастап ауылға баратын мамандарға берілетін ипотекалық бағдарламаның ережесі өзгереді. Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несиенің пайыздық мөлшерлемесін көтеру туралы құжатқа өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрыққа ведомсто басшысы Серік Жұмғанғарин қол қойды.

Негізгі өзгерістер:

  • несие мерзімі – 15 жылға дейін, бірақ сыйақы мөлшерлемесі бұрынғы 0,01%-дың орнына енді 1% жылдық болады;
  • қоныс аударатын аймақта несие алушының, оның жұбайының және балаларының атында тұрғын үй болмауы тиіс.

Министрліктің айтуынша, өзгерістер банктер үшін бағдарламаның тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, биыл 2,8 мың жас маман үймен қамтамасыз етілетінін айтқан.